Білім министрі: Үш тілде оқыту кестесін келесі жылы өзгертеміз
Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда ағылшын тілді мұғалімдерді даярлау және ағылшын тілінде оқыту жүйесіне көшу кестесін келесі жылы өзгертеді деп хабарлады білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Фото: Kursiv.kz
Бейсенбіде сенатта 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау кезінде сөйлеген Сағадиев республикада биыл мұғалімдерді ағылшын тілінде сабақ беруге даярлау және ағылшын тілінде оқытуға көшу тәжірибесі жүргізіле бастағанын айтты, деп жазады Азаттық.
“Келесі жылы биылғы жыл соңында осы тәжірибе нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша мұғалімдер даярлау мен ағылшын тілінде оқыту кестесін көпшілік талқысына салып, өзгертеміз” деді Сағадиев.
Министрдің сөзінше, 2017 жылы елде тәжірибе аясында бір жарым мың мұғалім ағылшын тілінде сабақ бере бастаған. Ол қазір аталған мұғалімдердің тәжірибесі енгізіліп жатқан тұста жаңа пәндер зерттеліп жатқанын айтты.
Ерлан Сағадиев ағылшын тілін талап етілген деңгейде меңгерген мұғалімдердің жалақысына үстеме қосылатынын, ал мұғалімдерді ағылшын тілінде сабақ беруге дайындауға бөлінетін қаржы жыл сайын ұлғайтылатынын айтты.
Тағы да оқыңыз:
Зағипа Балиева қазақ әдебиетін ағылшын тілінде оқытуды ұсынды
ОҚО-да “Whatsapp” арқылы “ДАИШ” ұйымының экстремистік идеологиясын үгіттеген 11 адам ұсталды
Елімізде кейбір банктер бірнеше жыл бойы несие рәсімдегендерден заңсыз комиссия алып келген