Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім басқармасының мамандары қазақ тіліндегі бір сөйлемде бірнеше қате жіберген

Астана қалалық Білім басқармасының ресми сайтындағы шағын ғана хабарлама әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

«29.01.2018 жылы ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің ПЕРВОЙ ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», – делінген аталған хабарламада.

Бір сөйлемді бірнеше қатемен жазған басқармадағылар жұрттың ашуын келтірді. Көпшілік сөйлемнің мағынасы дұрыс аударылмағанын айтып жатыр.

«Білім басқармасындағылардың сауаты осындай болса, өзге шенеуніктерден не күтуге болады», – деп жазды пікір білдірушілер.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер дауылды ескерту жариялап, еліміздің бірқатар өңірінде аяз болатынын хабарлаған еді. Соған байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне, ЖОО-ның 1-курс студенттеріне сабақ тоқтатылған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Шала қазақша сөйлеп ел назарына іліккен Шымкент әкімі енді балабақша құнын қымбаттатты

Әке, өлсем осы жердегілер жауап береді: Семейде сотталушы түрмедегі азапқа шыдамай шеге жұтқан

Қателік жіберген дәрігерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы мүмкін

Талқылау