Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет Қазақстанда кең тараған бөліп төлеу тәсілінің қаупін айтты

Фото: freepik.com

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сенат отырысында елімізде бөліп төлеу (рассрочка) тәсілінің кең таралуы билікті алаңдатып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жұманғаринның айтуынша, "пайызсыз" деп жарнамаланатын 12 айлық бөліп төлеу түрі тиімсіз. Ондайда тауардың бағасы алдын ала жасанды түрде өсіп, банктің пайызы тауар құнына "жасырын қосылады”. Осылайша тұтынушы артық төлем жасап жатқанын сезбей қалуы мүмкін.

"Енді тұтынушылық несиелеуге келсек. Әрине, бізді бұл мәселе алаңдатады. Бірақ мәселе тікелей тұтынушылық несиенің өзінде емес. Банктер ұсынатын бөліп төлеу жүйесінде. 12 айға жасалатын, ішкі жағынан бағаны жасырын түрде өсіретін осындай бөліп төлеу тәсілдері, өкінішке қарай, қазір өте үлкен рөл ойнап отыр. Ал тұтынушылық несиелеу бұл жағдайда базалық мөлшерлемеге тәуелді емес", – деді министр.



Министрдің айтуынша, базалық мөлшерлеме жоғары болса да (яғни несиелер қымбаттаса да), мұндай бөліп төлеу жүйелері халыққа белсенді түрде ұсынылып, тұтынушылық қарыздың өсуіне әсер етіп отыр.

STAN.KZ
Бейсенбі, 19 Маусым, 2025 15:53
Талқылау