Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Білезігі – 2 миллион 874 000 теңге": Танымал блогер Aeka Posh-тың ұзатуындағы образы ел талқысына түсті

Екінші рет тұрмысқа шығып, ұзатылған танымал блогер Aeka Posh-тың образының бағасы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aeka.posh/

Брендтердің бағасын есептеп отыратын блогер Жансая Махабаева мұндай ақпаратты әлеуметтік желіде жариялады. 

“Aeka Posh-тың ұзатуда киген мына образы қанша тұрады деп ойлайсыз? Қазір айтып беремін. Үстіндегі өте әдемі қалыңдық көйлегі арнайы тігін шеберханасында тігілген. Құны – 250 мың теңге. Әшекейлеріне көшейік, Cartier love білезігінің қалыңдау түрінің бағасы 4 192 000 теңге. Ал жіңішкелеу түрі – 2 715 000 теңге. Сырғаның орнына салынған Vintage Alhambra Van Cleef білезігі – 2 874 000 теңге. Ал дәл осындай білезіктің меруерт тастарымен жасалған түрі болса – 2 610 000 теңге тұрады. Bulgari Serpenti сақинасы – 1 292 000 теңге. Осы коллекциядан екі рет оралған гаухартасы бар сақинаның бағасы болса – 2 900 000 теңге. Ал Cartier Love сақинасының құны – 715 000 теңге. Сонымен барлығы – 17 515 000 теңге. Сіздерге образ ұнады ма?", – деді блогер. 



Еске салайық, бет әрлеу шебері осыдан жеті жыл бұрын әнші Дидар Кәденмен некелесіп, кейін ажырасып кеткен еді. 

“Аллаға Шүкір! Барлық жазып жатқан ыстық ықыластарыңыз үшін алғыс айтамын. Сырғалым атанып, ұядан ұшқан күнім. Әрбір қыз баласына өз теңін тауып, өз бақытына қол жеткізуін тілеймін",– деп жазған еді сәнгер. 

Айта кетейік, бұған дейін блогер сырға таға алмайтынын айтып, жігіт жақ сырғаның орнына білезік әкелген еді. 

 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 20 Тамыз, 2024 09:37
Талқылау