Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2025 жылдан бастап жұмыс істейтін қазақстандықтар декларация тапсыруға міндеттеледі

Жеке тұлғалар жыл сайын 270.00 нысанды салық декларациясын тапсыруы керек. Егер артық төленген табыс салығы анықталса, оны қайтаруға немесе басқа салық төлемдеріне есептеуге мүмкіндік бар. Салық органдары шегерімдердің дұрыстығын бір жыл ішінде тексереді. Егер барлығы дұрыс болса, 2025 жылғы артық төлем 2027 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қайтарылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: school.bigbird.ru

2025 жылдан бастап енгізілген салықтық шегерімдер:

  • Көпбалалы отбасылар үшін шегерім (төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға) – 282 АЕК-ке дейін (1 108 824 теңге)
  • Оқу шығындары бойынша шегерім (өзін және асырауындағы 21 жасқа толмаған тұлғалардың оқу төлемдері) – 118 АЕК-ке дейін (463 976 теңге)
  • Медициналық шығындар шегерімі – 118 АЕК-ке дейін (463 976 теңге)
  • Ипотекалық қарыз бойынша шегерім – 118 АЕК-ке дейін (463 976 теңге)
  • Барлық шегерімнің жылдық жиынтық сомасы – 564 АЕК-ке дейін (2 217 648 теңге)

Бұл шегерімдерді жеке тұлғалар өз бетінше немесе жұмыс беруші арқылы қолдана алады. Егер жұмыс беруші арқылы есептесе, қызметкер алдын ала болжалды салықтық шегерім сомасын көрсетуі қажет.

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі енгізіліп жатыр

Алайда, 2025 жылдан бастап зейнеткерлер, жеке сектор қызметкерлері, студенттер және басқа да тұлғалар декларация тапсырудан босатылады.

Қазіргі уақытта барлық азамат үшін 30 АЕК (118 980 теңге) мөлшерінде бірыңғай шегерім енгізу ұсынылып отыр. Бұл қабылданса, салықтық шегерімдер құжатсыз және тексерусіз автоматты түрде қолданылады, яғни азаматтар үшін рәсімдеу оңайырақ болады.



Еске салайық, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Дина Құсайынқызы декларация тапсырудан босатылған қазақстандықтардың санаттарын атады. Оның айтуынша, Қазақстаннан тыс жерде жылжымайтын мүлкі мен көлігі, шетел банктеріндегі банктік шоттарында 1000 АЕК көлемінде ақшасы жоқ Қазақстан азаматтары активтері мен міндеттемелері туралы кіріс декларациясын тапсырудан және декларациялаудан босатылады.

Талқылау