Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Биыл талапкерлер ҰБТ-ны 5 рет тапсыра алады

Биылдан бастап түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді 5 рет тапсыра алады. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҰБТ

“2023 жылы талапкерлер ҰБТ-ны 5 рет тапсыра алады. Қаңтар, наурыз және тамыз айларында ақылы негізде оқу үшін тапсыруға мүмкіндік бар. Ал негізгі грант ҰБТ-сы мамыр-маусым айларында өтеді. Биыл да негізгі ҰБТ-ны талапкерлерге екі рет тапсыру мүмкіндігі беріліп отыр. Түлектер ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады”, – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев. 

Оның сөзінше, биылдан бастап ІТ саласына оқуға түсетін түлектер үшін ҰБТ-ға “математика-информатика” комбинациясы қосылды. 

“Ең басты жаңалықтардың бірі – 2023 жылғы қаңтардан бастап "Информатика мұғалімдерін даярлау", "Ақпараттық технологиялар", "Ақпараттық қауіпсіздік" білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер ҰБТ-ны математика-информатика комбинациясы бойынша тапсырады. Тестілеуге дайындықты жақсарту мақсатында біз оқу жылының басында информатика бойынша ҰБТ-да кездесетін терминдер тізімін жарияладық”, – деді  Руслан Емелбаев.

Ұлттық тестілеу орталығы директоры биыл қаңтардағы ҰБТ-ға 123 мыңға жуық түлек қатысқанын атап өтті. 

Бақытнұр Шерикбай
Дүйсенбі, 13 Ақпан, 2023 11:52
Талқылау