Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда биыл мыңға жуық “Алтын белгі” иегері грант ала алмаған

Биыл елімізде мыңға жуық "Алтын белгі" иегері грант ала алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Атырау әкімдігі

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, "Алтын белгі" иегерлерінің 15 пайызы ЖОО-да оқу үшін білім грантын ала алмаған.

"2024 жылы "Алтын белгі" иегерлерінен 6 403 өтініш қабылданып, оның ішінде 5 419 адам немесе 85 пайызы білім грантына ие болды", – делінген хабарламада.


Елімізде оқуға түсе алмаған түлектерге тағы да 10 мың грант бөлінеді


Министрлік республикалық бюджет қаражаты есебінен бакалавр дәрежесін беретін білім беру гранттары ҰБТ нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде берілетінін атап өтті.

"Барлық гранттар ҰБТ нәтижелері бойынша конкурстық негізде беріледі. Ал "Алтын белгі" иегерлері тек ұпай саны тең болған жағдайда ғана басым құқыққа ие болады", – делінген министрлік хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін грантқа түспей қалған алматылық түлектің ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа бергені туралы жазған едік.

Талқылау