Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл күзде қазақстандықтар қанша күн демалады

Күзде қазақстандықтар қанша күн демалады

Фото: Рixabay.com

Қыркүйекте кей қазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн қатарынан демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2025 жылы аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн қатарынан демалады. 30 тамыз сенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс дүйсенбі, яғни 1 қыркүйекке ауысады. Осылайша, олар 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін отандастарымыз тек 30 және 31 тамыз күні демалып, 1 қыркүйекте жұмысқа шығуға тиіс.

Қыркүйек

Күздің бірінші айында Конституция күнінің 1 қыркүйекке ауысуына орай бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар жалпы 9 күн демалады

Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін ешқандай қосымша демалыс күні жоқ. Тек жексенбі күндері демалады.

  • 7 қыркүйек (жексенбі);
  • 14 қыркүйек (жексенбі);
  • 21 қыркүйек (жексенбі);
  • 28 қыркүйек (жексенбі).

Қазақстандықтар күзде қанша күн демалады

Қазан

25 қазан елімізде дәстүрлі түрде Республика күні аталып өтеді. Мереке демалыс күніне түсіп тұрғандықтан мерекелер туралы заңға сәйкес, демалыс дүйсенбі күнге ауысады. Яғни, бес күн жұмыс іздейтін отандастарымыз 25, 26, 27 қазан күндері қатарынан үш күн демалады. Демек, күздің екінші айында бес күн жұміс істейтіндер жалпы 9 күн демалады.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін 2025 жылғы 25 қазан, яғни сенбі мерекелік демалыс күні болып жарияланды, 26 қазан (жексенбі) – қалыпты демалыс, ал 27 қазан (дүйсенбі) – жұмыс күні болып қалады. Осылайша, алты күн жұмыс істейтіндерді екі күндік демалыс күтіп тұр – 25 және 26 қазан. Олар жалпы 8 күн демалады.

Қазақстандықтар күзде қанша күн демалады

Қараша

Қарашада 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар сенбі жексенбі күндері демалады, яғни 10 күн. Бұл айда мереке күндері жоқ. Сәйкесінше, қосымша демалыс күндері болмайды.

Ал алты күн жұмыс істейтін отандастарымыз тек жексенбі күндері, жалпы 5 күн демалады. 

Қазақстандықтар күзде қанша күн демалады

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 11 Тамыз, 2025 12:28
Талқылау
`