Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл Қазақстанда соңғы онжылдықтағы ең ыстық наурыз айы тіркелді

2025 жылдың наурызы Қазақстандағы соңғы онжылдықтағы ең жылы наурыз айы болып тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

Қазгидрометтің мәліметінше, ел аумағындағы орташа температуралық фон климаттық нормадан 1–5°C-қа жоғары болған. 

16 мен 22 наурыз аралығында еліміздің бірқатар өңірінде 2023 жылы тіркелген температуралық рекордтар жаңартылды. Айта кетейік, 2023 жыл Қазақстанның метеобақылау тарихындағы ең жылы жыл ретінде тіркелген еді.

16 наурызда Орал метеостанциясында +19,2°C температура тіркелді, бұл климаттық нормадан (+12,1°C) едәуір жоғары. Ал 17 наурызда Ақтөбеде ауа +13,4°C-қа дейін жылыды.

18 наурызда Петропавлда температура +10,9°C-қа жетіп, 2023 жылғы +4°C рекордын жаңартты. 19 наурызда да жаңа рекорд тіркеліп, +12,6°C болды. Бұл 2015 жылғы бұрынғы максимумнан (+4,2°C) айтарлықтай жоғары.

20 наурызда Астана метеостанциясында +9,1°C температура тіркеліп, бұл көрсеткіш 2016 жылғы рекордты (+7,1°C) жаңартты.

21 наурызда Алматыда ауа температурасы +24,8°C-қа жетіп, 2018 жылғы рекордты (+23,1°C) жаңартты. Осы күні Семейде ауа температурасы күндіз +14,6°C болды, бұл 81 жыл бұрынғы, 1944 жылы тіркелген тарихи максимумнан (+10,8°C) асты.

Рекордтық температуралар Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау және Қостанай қалаларында да тіркелді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан бойынша сәуір айына арналған ауа райы болжамы жарияланған еді.

Талқылау