Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда халық 60 пайызға дейін газбен қамтылады - Энергетика министрі 

Биыл халықты газдандыру үлесін 60% - ға дейін жеткізу жоспарланған. Бұл жайында Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Энергетика министрі Болат Ақшолақов газ тасымалдау жүйесінің одан әрі дамуын айқындайтын газдандырудың 2022 – 2030 жылдарға арналған бас схемасы өзектілендірілгенін айтты. 

“2023 жылы бюджеттік инвестициялардың жалпы сомасы 74 млрд теңгеге 86 жобаны іске асыра отырып, халықты газдандыру үлесін 60% - ға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл 56 ауылдық елді мекендегі 167 мың азаматты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде республиканың 11 млн-нан аса азаматы газға қол жеткізе алады”, - деді Болат Ақшолақов. 

Министрдің сөзінше, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыруға қатысты жоспарлар пысықталып жатыр.

"Сарыарқа" магистральдық газ құбырының 2 және 3-кезеңдерін салу және Ресеймен Павлодар қаласына тармақталған "Барнаул-Рубцовск-Семей-Өскемен" магистральдық газ құбырын салу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Өскеменге тармақталатын "Омбы-Павлодар-Семей" газ құбырын салу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл ретте газдың ресурстық базасы және импорттық газдың құны мәселесі тежеуші фактор болып табылады”,  - деді министр. 

Талқылау