Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл елімізде жәрдемақылар өсе ме: Еңбек вице-министір жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Қазақстанда жәрдемақыларды арттыру мәселесі қазір қарастырылмайтынын айтты. Оның сөзінше, бұл елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Виктория Шегайдың сөзінше, Еңбек министрлігі арқылы республикалық бюджет есебінен төленетін барлық жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер жыл сайын болжамды инфляция деңгейіне сәйкес есептеледі. 


Қазақстанда ардагерлер мен мүгедектер тізіміне үлкен тексеріс басталды: Кімдер жәрдемақыдан қағылады


"272 475 теңгеге дейін өседі": Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар мөлшері ұлғайтылды


“Қазір елдегі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты жәрдемақыларды арттыру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Алайда қаржы-экономикалық блоктың қолдауы болған жағдайда, бұл мәселені қайта қарауға дайынбыз”, – деді Виктория Шегай.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы Қазақстандағы көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алатыны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 19 Наурыз, 2026 13:10