Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейсен Құранбектің WhatsApp желісінде жазған соңғы хаты табылды

Қазақстандық дипломат Батырхан Құрмансейіт Бейсен Құранбекпен соңғы сөйлескен сәтін еске алды. 

Бейсен Құранбектің WhatsApp желісінде жазған хаты жарияланды

Бұл туралы Батырхан Құрмансейіт желідегі парақшасында жазды.

"Бір күні сен өзге телефоннан жаздың. Сөйлесейік дедің. Сөйлестік. Жағдайыңды айттың. Жүрегімді ауырттың. Дертіңе ем іздедік. Жапонияға жібердік. Естідім. Секем алдым. Сенбедім. Сенгім келмеді. Туған күніңмен құттықтадым. Даусыңды естіп мұңайдым. Қой ондайды дедім. Қорқайын дедім. Білдірмейін дедім. Мүсіркемейін дедім. Жігерің жеңілмесін дедім. Күлдіруге тырыстым. Күліп алдық... Болмады...Кеттің... Ораза айында кеттің.

Енді біз бірге ауыз аша алмаймыз. Енді бірге айттай алмаймыз. Өзіңмен бірге көп нәрсе өлді бүгін, Бейсекем. Ана бір арманымыз орындалмай қалды. Әттең. Өзің-ақ ең осындай. Өзегім өртенді. Жүрегім жылап отыр. Мен бүгін жылаймын. Бақұл бол, Бауыр, бақұл бол Дос, жаның жәннәттә болсын, Бейсекем, жаның жәннәттә болсын", - деп жазды.



 

Талқылау