Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Жұқаев Алматы ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды

Бейбіт Жұқаев алғаш рет ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚФФ

Қазақстандық теннисші, әлемнің 213-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Алматы ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Ол екінші айналымда әлемнің 25-ракеткасы, чехиялық Томаш Махачқа қарсы ойнап, жеңіске жетті. Бірінші кезеңде Бейбіт 3:1 есебімен алда тұрған кезде өзін жайсыз сезінген чехиялық спортшы бәсекені жалғастырудан бас тартты. Махач бірінші айналымда қазақстандық Тимофей Скатовты ұтқан еді.

Айта кетейік, Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 26-ыншы, осы жарыстың 3-ракеткасы, ресейлік Карен Хачанов немесе рейтингіде 116-орындағы финляндиялық Отто Виртаненнің біреуімен кездеседі. 

Талқылау