Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бетті тұмшалауға тыйым: Министрлік қандай киімдерге рұқсат етілмейтінін түсіндірді

Бетті тұмшалауға тыйым: Министрлік қандай киімдерге рұқсат етілмейтінін түсіндірдіФото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі бет-жүзді тұмшалайтын киімдерді киюге тыйым салу туралы жаңа ережелерді түсіндірді. Жаңа түзетулер 12 шілдеде күшіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Енді қоғамдық орындарда адамды бейнекамера арқылы тану мүмкін болмаса, бұл ережебұзушылық болып саналады.

Алайда медициналық мақсатта, төтенше жағдайлар кезінде, ауа райы қолайсыз болғанда немесе спорттық және мәдени шараларға қатысқан кезде бет-жүзді жабатын киім киюге рұқсат етіледі. Бұл тыйым Хиджаб секілді бетті жаппайтын діни киімдерге қатысы жоқ.

“Тыйым тек бетін толық жауып тұратын және жеке басын тануға кедергі келтіретін киімдерге, соның ішінде балаклаваларға, бетперде мен никабтарға ғана қатысты. Бұл ретте хиджаб, шейла, химар, әл-әмира және басқа да діни киімдердің бетті жаппайтын элементтері осы норманың қолданысына жатпайды”, – деді әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Қиықов.

Елжас Қиықов заңнамалық түзетулердің мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, соның ішінде діни сенім бостандығына нұқсан келтірмей, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті, тұлғаларды сәйкестендіру екенін атап өтті.

Мұндай шектеу Орталық Азияда бұрыннан бар. 2023 жылы Өзбекстанда аталған шектеумен мазмұндас талап заң аясында қабылданды. Өткен жылы Тәжікстанда ұлттық мәдениетке жат деп танылған киімдерді кию мен сатуға заң жүзінде шектеу қойылды. Ал биыл Қырғызстан адамның бет-әлпетін анықтауға мүмкіндік бермейтін киім киюге тыйым салған болатын.

Министрліктің хабарлауынша, жыл басынан бері бейнебақылау көмегімен 7 мыңнан астам қылмыстық құқықбұзушылық, 400 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

Еске салсақ, Қазақстанда қоғамдық орында бет-әлпетті жауып жүруге ресми түрде тыйым салынған еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 31 Шілде, 2025 19:25
Талқылау
`