"Бетіне баспа": Әсел Асқар екі баласы бар келіншекке үйленген Жахан Отарғалиевке ақыл айтты
Танымал актриса, блогер Әсел Асқар үшінші рет үйленген Жахан Отарғалиевке кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі екі қызы бар келіншекпен неке қидырған еді. Әріптесі Әсел Асқар қос жұпқа сәттілік тіледі.
“Міне енді, бұл аманатыңды ренжітпей, бағалап, ренжіскен кезде бетіне баспай, балаларына туған әкедей болу – үлкен жауапкершілік! Бақыт! Сабырлық! Сәттілік! Үлкен қадам! Досым, осы әйел адамды бақытты қылуға шамаң жететініне сенімдімін", – деп жазды актриса.
-
"Дұрыс адам болып қалу маңызды": Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевтың жаңалығына қатысты пікір білдірді
-
"Орамалдағы қыз көнер": Жахан Отарғалиев үшінші рет шаңырақ көтерді (видео)
Айта кетейік, әзілкеш анасының қалауымен екі қызы бар келіншекке үйленген еді.
“Мен тек баласы бар келіншек аламын. Алла сұрағанымды берді”, – деп жазған еді актер.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан