Бетінде татуировкасы бар 19 жастағы жігіт жұмыс таппай қиналып жүр (фото)
Бетінің жартысына «DEVAST8» татуировкасын салып алған жігіт жұмысқа кіре алмай жүргенін айтып шағымданды.
Фото: The Sun
Марк Кропп түрмеде ағасымен ішімдік ішіп отырып бетіне татуировка жасап тастаған. Ол түрмеге туристі пышақпен қорқытып шабуылдағаны үшін түскен.
Екі жылдық қамаудан босатылған соң ол бетіндегі татуировкасына бола жұмыс таппай жүр.
«Мен еңбекқормын. Бірақ менің жұмыс табуыма кедергі болатын нәрсе бар», – деп жазады ол Facebook желісінде.
Марк өзінің ешқандай бандалық топқа қатысы жоғын айтқанымен жұмысқа алмайтынын айтып шағымданды.
«Мені жұмысқа алу былай тұрсын, түріме қарағысы келмейтіндігін айтқан адамдар болды», – дейді түңілген Марк.
Желі қолданушылары оған татуировкасын макияждың көмегімен жасыруға кеңес беруде. Кейбірі жұмыс табуға көмектесетіндерін айтып жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Ғалымдар ежелгі сақ тайпасының татуировкасын көрсетті (фото)
Әйел күйеуінің көңілдесін тыр жалаңаш күйінде көшеге шығарды (фото)
Шашты отпен қысқартатын шаштараз елдің таңданысын тудырды (видео)