Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Беташарға 2 миллион теңге кетті": Жігер Ауыпбаев не себепті пранк жасағанын түсіндірді

Фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев не себепті бейнебаянының тұсаукесерін пранк етіп жасағанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі афарикалық аруға “үйленіп”, беташар той жасаған еді. Оқиғаның бас-аяғын журналист Анна Данченкоға баяндап берді. 

“Біраз уақыт болды өнерден өте қатты алыстап кеттім. Үш жылдай өзімді жоғалтып алдым. Биыл ғана шығармашылықты қолға алып жатырмын. Байқасаңыз, үлкен кісілер жоқ. Тек өнердегі ең жақындарымның ғана басын қостым. Мені түсінеді-ау деген жандарды қарадым. Жалпы, пранк дегенді мен ойлап таппадым. Қоғамда бар дүние еді. Ешкім мұндай оқиғаны күтпеді. Розаға келсек, ол менің – досым. Сәуір айында тұрмысқа шықты. Әлеуметтік желіге бірге видео салдық. Содан халық шулап кетті”, – деді Жігер. 


  • Жігер Ауыпбаевтың үйленгені пранк болып шықты

  • Жігер Ауыпбаевтың үйленгені туралы ақпарат тарады


Одан кейін пранк жасауға қанша теңге кеткенін де жасырмады. 

“Достарымның қолдауымен жасадым. Қонақтарды таңғалдырғымыз келді. Көбі түсінбей қалған сияқты. Ауылдағы ата-анам да хабарласты. Әкем ұрысты, анам уайымдады. Соңы жақсы аяқталды. Бірақ қонақтардың жүзінен таңғалудан бұрын, ренішті байқадым. Мейрамханадағы бос үстелдердің өзі күдік тудырған шығар. Бірақ фуршет жасадық. Қалыңдық көйлегінен бастап, пранкке 2 миллион 500 мыңдай ақша жұмсалды”, – деді әнші. 

Еске салайық, өнер иесі мінезі жараспағаннан балаларының анасынан ажырасқанын айтқан еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 02 Мамыр, 2025 12:30
Талқылау