Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық – Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық киім қазақ халқының бірегей ұлттық болмысын айшықтайтын маңызды элемент екенін баса айтты. Ол ұлттық киімді жан-жақты дәріптеу қажет екенін атап өтіп, бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі дәстүрлі киімдеріміздің құндылығын жоғары қою керек екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

"Келесі мәселе. Ұлттық бірегейлігімізді нығайту жолында мәдениет саласы айрықша рөл атқарады. Әсіресе, төл мәдениетіміздегі Әз-Наурыз мейрамының орны бөлек. Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді. Еліміз Ұлыстың ұлы күнін 14 наурыздан, яғни Амал күнінен бастап он күн бойы атап өтетін болды. Әр күнге нақты атау берілді. Жұрт бұл бастаманы жақсы қабылдады. Әсіресе, Наурызнамадағы "Ұлттық киім күні" қоғамның зор қолдауына ие болды. Ұлттық киімдерге деген қызығушылық арта түсті. Мектептерде, түрлі мекемелерде, сондай-ақ ірі компанияларда ұлттық киімге мән беріле бастады. Сұранысқа сай тігін цехтары ашылып, жаңа брендтер, дүкендер пайда болды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаевтың сөзінгше, ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келе жатқанын және бұл өте жақсы үрдіс екенін атап өтті.

"Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Әсіресе, әйелдердің дәстүрлі киімі өте ғажап көрінеді. Себебі ұлттық киім – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек", – деді мемлекет басшысы.



Еске салайық, бұған дейін Ұлттық құрылтайдың төртінші пленарлық отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев елде жат діни ағымдардың ықпалы күшейіп бара жатқанын айтты.

Талқылау