Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес жасар қызды күштеп ернінен сүйген азамат 12 жылға сотталды

Ресейдің Чебоксары қаласының тұрғыны өзі танымайтын кішкентай қызды күштеп ернінен сүйген. Ол сексуалдық сипаттағы әрекеті үшін сот үкімімен 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Бұған дейін бірнеше Telegram-да ер адамның бес жасар қызды ернінен сүйіп жатқан видеосы тараған болатын. Оны көпқабатты үйдің тұрғындары түсірген. 5 жасар қыз бөтен адамды итеріп, құшағынан шығып кетуге әрекет жасайды. 

Тергеу 6 тамызда Чебоксары қаласының 44 жастағы тұрғыны мас күйінде үйіне қайтып келе жатып, кіреберістің алдында орындықта отырған 5 жасар қызды көргеннен кейін жанына барғанын анықтады. Ер адам оған сексуалдық сипаттағы әрекет жасаған. Оны көршісі бәрін көріп, полиция шақырған. 

Сол күні айыпталушы өз үйінде ұсталды. Сот санкциясымен оны бірден қамауға алған. Полиция Ресей Қылмыстық кодексінің 4-бабының 132-бөлігі бойынша кәмелетке толмаған балаға жыныстық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық іс қозғады. 

"Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес айыпталушының есі дұрыс болып шықты. Қылмыстық істі тергеу аяқталды, прокурор айыптау қорытындысын бекіткеннен кейін сотқа жолданды" делінген хабарламада. 

44 жастағы ер адам жасаған әрекеті үшін 12 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жәбір көрген кішкентай қызға психологиялық-диагностикалық, сондай-ақ оңалту жағынан көмек көрсетілді.

Талқылау