Бес ауылдасына зорланған 14 жастағы оқушы қыз бала туып алды
14 жастағы Дариғаны (есімі өзгертіліп берілді) бес ер адам зорлаған. Олардың ең үлкені 32 жаста. Оқиға Алматы облысында кешкі жиыннан соң болған, деп хабарлайды Информбюро.
Зорлыққа түскен қыз жүкті болып қалады. Бұл туралы кездейсоқ тексеру кезінде белгілі болды. Дариғаның өзі зорлықшылар айбат көрсеткендіктен, полицияға айтуға қорыққан. Оқушы қыз анасынан ерте айырылып, әкесімен бірге тұрған.
Дариғаны ауыл тұрғындары жүктілігі үшін сөге бастайды. Қазақ ауылында кәмілетке толмай аяғы ауырлаған қыз елдің өсегіне айналады. Осыдан соң ол Алматыдағы аналар үйіне келіп, ұл бала босанады.
Аналар үйінің координаторы Аминат Джаппуева өз қарамағындағы қыздың тағдыры үшін алаңдайды. Ол зорлаушыларды жазалауын талап етуде.
«Бұл қыздың анасы жоқ. Тек әкесі бар. Ол алыста тұрады. «Ауылдық жер болғандықтан Дариғаның артынан айталатын сыпсың сөз көп. Мүмкіндік болса, көмектесіңіздерші» дейді. Әрине, біз барынша көмектесесіз», – дейді Аминат Джаппуева.
«Физиологиялық тұрғыда қызға өте ауыр. Оның өзі әлі бала. Өзі де ойнағысы, мультфильм көргісі келеді. Бірақ сабақтан келе салып баласын іздейді. Баласын көргенде жүзі жайнап кетеді. Ол баласын жек көре ме деп қорқып едім. Өзі жастайынан әйел тәрбиесін көрмеген. Өзі: «Баламның тағдыры менікінен жақсы болу үшін бәрін жасаймын» деп қояды», – дейді Джаппуева.
Дариғаны Аналар үйіне әкесі алып келген.
Аналар үйінде тағы бір кәмілетке толмаған қыз тұрады. Ол да жастайынан жүкті болып, бала босанған. Айнұр студент жігітке ғашық болып, содан бала көтеріп қалған.
Айнұр (есімі өзгерлітіп берілді) 16 жаста. Анасы қызын да, немересін де қабылдамай қойған. Ол қызына баладан бас тартуын айтқнымен, қызы оған көнбейді. Айнұр сәбиінен бас тартпағанына қуанады.
Аналар үйі қызметшісінің айтуынша, мұнда көбіне ауыл қыздары келеді екен. Олар қалаға жұмыс іздеп барып, сонда сүйіктісін кездестірді. Кейін жүкті болып, басы дауға қалады.
Жіберіп алмаңыз:
Қайын жұрттан көрген қорлық: Келін неге төркіншіл болады?
БҚО әкімі құны 56 млн теңге тұратын көлік алды (фото)
Полицей азаматқа “қазақ тілінде өз Монғолияңда сөйлейсің” деп шүйліккен