Bereke Bank-те IT саласындағы бизнес-аналитиктер мектебі ашылды
Жақында Bereke Bank-те бизнес-талдау мектебінің ашылу салтанаты өтті. Бұл білім беру жобасы қыз-келіншектерге IT әлемінде алғашқы қадамдарын жасап, осы саланың болашағына бағыт сілтейтін ерекше мүмкіндік ұсынады. Жоба олардың кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп күтілуде.
Оқу бағдарламасына қатысуға 263 үміткер өтінім беріп, олардың арасынан 34 үздік қатысушы тегін оқу мүмкіндігіне ие болды. Алғашқы кездесу барысында қатысушылар бағдарлама құрылымы мен оқытушылармен және алдағы жоспарлармен танысты.
Екі ай бойы қатысушылар бизнес процестерді талдау саласындағы дағдыларын қалыптастырып, нақты жобалармен жұмыс істеп, сарапшылардан пайдалы кеңестер алатын болады. Оқуды сәтті аяқтаған соң олар сертификатқа ие болады, ал ең үздік түлектер банкте тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.
"Bereke Bank негізгі құзыреттерді дамытуға үздіксіз инвестиция салып, цифрлық компаниялардың үздік дәстүрлеріне сай жұмыс істейді. Біз өз тарапымыздан қызметкерлерімізді үнемі оқытып келеміз, енді міне алған білімімізбен қоғаммен бөлісуге дайынбыз. Біз дарынды қыздардың бастамаларын қолдай отырып, IT индустриясының әрі жалпы қоғамның өсіп-дамуына үлес қосатынымызға сенімдіміз", - дейді "Bereke Bank" АҚ басқарушы директоры (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) Күнсұлу Қапбасова.
Мектептің құрылуы Bereke Bank пен Women in Tech Global арасындағы серіктестік нәтижесінде мүмкін болды. Айта кетейік, ақпан айының басында Bereke Bank ұйымның ресми серіктесі атанып, Women in Tech Global Summit саммитіне Қазақстан делегациясының демеушісі болды. Бұл саммит әлемнің 60-тан астам елінен келген кәсіби мамандардың басын қосады, ал оған қатысу қазақстандық қыз-келіншектердің технологиялар саласындағы жетістіктерін таныту үшін бірегей мүмкіндік болмақ.