"Bereke Bank" катарлықтарға толығымен сатылды
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі " АҚ және Lesha Bank LLC (Public) "Bereke Bank" АҚ-ның 100% акцияларын сату мәмілесі аяқталды. Келісімнің барлық шарттары тараптармен сәтті келісілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Bereke Bank
Мәмілені қазақстандық реттеушілер барлық тұрғыдан мақұлдады. Оның ішінде тамыз айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Lesha Bank-тің банктік холдинг мәртебесін алуына келісімін және Bereke Bank-ті сатып алуға рұқсатын берді.
"Bereke Bank" АҚ Қазақстанның ірі банктерінің қатарына жатады және клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Банк қазіргі клиенттері үшін өнімдер бойынша ағымдағы шарттарды сақтайды және өз қызметін коммерциялық әмбебап банк мәртебесінде жалғастырады.
Қазіргі уақытта банк капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділігі бойынша белгіленген нормативтерді сақтай отырып, тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Акционер ауысқаннан кейін банктің нарықтағы позициясы одан әрі нығайтылмақ.
Жаңа акционердің келуімен екінші деңгейдегі банктер арасында бәсекелестіктің күшеюі, жаңа технологияларды енгізу және экономиканың нақты секторына кредит беруді дамыту күтіліп отыр.
"Бәйтерек" холдингі банктің жұмысын қалыпқа келтіру және стратегиялық инвесторды тарту үшін жағдай жасау міндетін ойған.
Lesha Bank Катар қор биржасында (QSE: QFBQ) тіркелген және банк операцияларын жүргізуге Qatar Financial Center Regulatory Authority лицензиясы бар. Банк инвестициялық банкинг және активтерді басқару саласында жұмыс істейді, Катар, АҚШ, Еуропа нарықтарында, сондай-ақ Таяу Шығыс аймағында өз қызметтерін ұсынады.
"Bereke Bank" АҚ-ны сатып алу Қазақстан мен Катар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды қадам. Бұл Катардың Қазақстанға ұзақ инвестиция салу ниетін дәлелдеп отыр.