Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bereke Bank Altel/Tele2 компаниясын сатып алған қатарлық компанияға тиесілі болып шықты

Фото: Bereke bank баспасөз қызметі

Катардағы Lesha Bank екі катарлық бизнесменге тиесілі холдингтік компания Power International Holding (PIH) үшін Bereke Bank-ты сатып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2025 жылдың басында осы холдингтік компания “Мобайл Телеком-Сервис” ұялы байланыс операторының (Tele2 және Altel брендтері) 100% акцияларын сатып алуды аяқтады. 

Ручная экономика Telegram арнасының хабарлауынша, Bereke Bank өз қаржылық есебінде соңғы бенефициарларын жариялады. 2024 жылы қазанда катарлық инвестициялық Lesha Bank бұрын Ресейдің Сбербанк филиалы болған банк акцияларының 100%-ын “Байтерек” холдингінен сатып алғаны белгілі болды. Ол осы операцияда Катардағы Power International Holding холдингі үшін агент ретінде әрекет еткен, келісімшарт та дәл сол қазан айында жасалған.

Power International Holding іс жүзінде қазақстандық банктің бенефициарлық иесі және бас компаниясына айналды. Оның акционерлері, өз кезегінде, катарлық бизнесмендер, ағайынды Мутаз Әл-Хаят және Рамез Әл-Хаят. Олардың әрқайсы компанияның 50% үлесіне ие.

Катарлық холдинг Қазақстанда қандай қызмет атқарады?

2025 жылдың қаңтарында сол катарлық холдинг Қазақстан телекоммуникация нарығында тағы бір ірі мәмілені аяқтады. Компания  “Қазақтелекомнан” 100% акцияны сатып алып, Tele2 және Altel брендтерін басқарған “Мобайл Телеком-Сервис” мобильді операторына иелік етті. Кейін оператордың  1,1 миллиард долларға сатылғаны белгілі болды.

2024 жылдың ақпан-желтоқсан айларында Power International Holding холдингінің иелері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен. Олар кездесу кезінде Қазақстандағы бизнес бағыттары туралы сөз қозғаған. Нәтижесінде холдинг Қашаған газ өңдеу зауыттарын салуға, Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының екінші желісін жүргізуге және Қызылорда облысында парогаз технологиясына негізделген электр станциясын салуға қатысатын болды. 

Power International Holding холдингінің иелері туралы не белгілі?

Мутаз Әл-Хаят – Power International Holding компаниясының тең иесі және төрағасы. Кәсіпкер Шотландияда білім алған. Еңбек жолын 1993 жылы әкесі құрған, Катардағы ең ірі құрылыс және сауда компанияларының бірі болған Al Khayyat Contracting and Trading компаниясында жұмыс істеуден бастаған. Кейін компанияны басқаруды қолға алған. Кейін ағасымен бірге UrbaCon Trading & Contracting атты жеке құрылыс компаниясын құрған. Бұл компания Мальдив аралдарындағы жеке аралдарды игеруге қатысты, Qatar Mall және Абдулла бин Халифа стадионын салған. 

Рамез Әл-Хаят – Power International Holding компаниясының президенті және бас директоры. Ол да Шотландияда білім алып, компанияның негізін қалауға атсалысқан. 

Power International Holding құрылыс, ауыл шаруашылығы, жылжымайтын мүлік, қонақжайлылық, денсаулық сақтау және телекоммуникация салаларында жұмыс істейтін бірнеше ірі компаниялардан тұрады (Tele2 сатып алғаннан кейін).

UCC Holding құрылыс бөлімі Катарда көптеген маңызды жобаларды салды. Тағы бір компания, Aura Group, өзінің жеке және франчайзингтік тамақтану орындарын (кофеханалардан бастап жоғары деңгейлі мейрамханаларға дейін) және отбасылық ойын-сауық орталықтарын басқарады. Assets Group бүкіл әлем бойынша 56 нысанды басқарады. Оның ішінде 5000-нан астам бөлмесі бар қонақ үйлер мен курорттар бар.

Холдингтің ауылшаруашылық компаниясы – Baladna. 2017 жылы, саяси дағдарыс кезінде, Египет, Сауд Арабиясы, БАӘ және Бахрейн Катармен дипломатиялық және көлік байланыстарын үзген кезде, ел азық-түлік жеткізілімдері мен сүт өнімдері тасымалданатын құрлық шекараларынан іс жүзінде ажыратылды. Содан кейін Moutaz Al-Hayat АҚШ пен Австралиядан 4000 сиыр сатып алып, оларды әуе арқылы тасымалдауды ұйымдастырды. Qatar Airways операцияны аяқтау үшін шамамен 60 рейс қажет болды. Baladna қазір Катардың жаңа сүт нарығының 95% үлесін иемденеді.

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 03 Ақпан, 2026 12:55