Бердібек Сапарбаев зәулім үйлер тұрғызған дәулетті отбасылардан тәубеге келулерін сұрады
Ақтөбе облысының басшысы су тасқынынан зардап шеккен аудандарды аралап жүр. Демалыс күндері ол Кіршпішті ауылына барды.
Ондағы саяжай үшін берілген участоктердегі зәулім үйлердің иелерінің «жанайқайын» тыңдап болған соң, өзге аудандардағы қиын жағдайларды жеткізді, деп хабарлайды «Тілші».
«Сіздердің жағдайларыңыз жақсы. Махамбет, Россовхоз, Қалалық сүт зауыты (ГМЗ) аудандарындағы үйлердің жағдайларын көрген жоқсыздар. Оларда сендердікіндей зәулім үйлер жоқ. Саманнан салынған үйлері құлағалы тұр. Әр отбасыда 4-5 баладан бар», — деген Бердібек Сапарбаев арыз айтқан дәулетті ақтөбеліктерге тәубелеріне келуді меңзеді.
Оның үстіне, облыс басшысы, саяжай аумағында үлкен сарайлар тұрғызбау керектігін де ескертті. Сонымен бірге, Бердібек Сапарбаев, көмек көрсетілерде алдымен жағдайы төмен отбасыларға басымдық берілетінін шегелеп айтты.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстанда саусақ ізін танитын банк картасы іске қосылуы мүмкін
«Шаншар» театрының әртісі Жүсіп Ақшора: Уәлибек болмағанда осы күнге жетпес едім