Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев өткізген жиналыста шенеуніктер әкімнің көз алдында ұйықтап қалды (фото)

Ақтөбе облысының әкімдігінде әкім Бердібек Сапарбаев төрағалығымен өткен 2017 жылды қорытындылау жөніндегі жиналыста жергілікті шенеуніктер өңір басшысының алдында ұйықтап қалды.

Бұл туралы «Диапазон» басылымы жазады.

Жиналысқа қала және аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қоғам белсенділері мен кәсіпкерлер қатысты. Мемлекеттік қызметкерлер жұмыстары жөнінде есеп   берді. Бұл уақытта залдағылардың дені қалғып кетті.

Оларды әкімнің баспасөз қызметінің қызметкерлері оятып, тілшілердің суретке түсіріп жүргенін ескерткен. Облыстық әкімдікте тек шенеуніктер ғана емес, құқық қорғау органдарының және басқа да сала қызметкерлері ұйықтап қалған.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың қараша-желтоқсан айларында өтке жиналыста қала әкімі Ілияс Испановтың қалғып кеткені тілшілер камерасының назарына ілігіп қалған еді.

Оқи отырыңыз:

Бердібек Сапарбаев орамал мәселесін үш айда жоюға тапсырма берді

KZ 001 GGG сериалы автокөлік нөмірі желі қолданушыларының қызу талқысына түсті

Намысымды таптады: Ер адам өзге ұлт өкілімен бірге отырған қазақ қызын жұлқылап, балағаттап тастады (видео)

Қарағандыда шаштараз төрт жасар баланың құлағын кесіп алды

Талқылау