Бельгиялық тыржалаңаш модель ғибадатхана ішінде суретке түскені үшін түрмеге жабылды
Бельгиялық модель Мариса Папен мен австралиялық фотограф Джессе Уокер ғибадатханада жалаңаш түсірілім жасағаны үшін Египет түрмесіне түсті.
Бұл туралы Metro хабарлайды.
Әлемді аралап саяхаттайтын Папен 50-ден астам елде жалаңаш суретке түсіп үлгерген. Египет пирамидаларының қасында суретке түсу үшін модель мен фотограф күзетшілерге ақша беріпті. Ал Карнак ғибадатханасы айрықша қорғалатындықтан олар жабылуын күткен. Папен мен Уоркер түсірілімді бастай берген сәтте төрт күзетші пайда болады. Олар туристерді дереу полицияға жеткізген. Фотограф жолай суреттерді өшіріп үлгеріпті.
Папен мен Уоркер сурет түсірмегендерін айтып ақталса да, тәртіп сақшылары оларға сенбей қойған. Іле-шала екеуін де түрмеге жапқан. Бірнеше сағаттан соң екеуін сотқа алып келеді. Олар тыйым туралы білмегендерін айтады. “Судья ақырында бізге мұндай ақымақтыққа ешқашан бармауды ескертті. Біз келістік”, – дейді Папен. Дегенмен Египеттен шыққаннан кейін фотограф арнайы бағдарламаның көмегімен суреттерді қайта қалпына келтіріп, жария еткен.
Карнак ғибадатханасы – ежелгі Египеттегі ірі құлшылық қылу кешені.
Оқи отырыңыз:
Түркия президентінің әйелі қарапайым қазақ әжейдің қолын сүйіп, құрмет көрсетті
Тәжік университеті жақсы оқитын студенттердің үйлену тойын өткізіп береді
101 жастағы педофил өзі зорлаған әйелге 32 мың доллар төлейтін болды
Қырғызстанда 13 жастағы қызды зорламақ болған 66 жастағы ер адам ұсталды