Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам жасанды интеллектпен алты апта сөйлескеннен кейін өз-өзіне қол жұмсаған

Бельгияда ер азамат алты апта бойы жасанды интеллектпен хат алмасқаннан кейін өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол Элиза есімді чатботпен сөйлескен.

Оқиғаны әйелі айтып берді. Күйеуі өз-өзіне қол жұмсағаннан кейін әйел оның ағылшын тілінде чатботпен сөйлескен хабарламаларын көріп қалған.

Оның айтуынша, ер адам шамамен екі жыл бұрын жаһандық климаттың өзгеруіне қатты қызығушылық танытып, тіпті апаттан қорыққаннан бойын мазасыздық жаулап, депрессияға ұшырады. Ол ашуланшақ бола бастады. Отбасына да  үнемі "адамзаттың аман қалатын жолы жоқ" деп айтатын, сол үшін оның жалғыз үміті технология мен жасанды интеллектіні дамыту болды.

Сөйтіп бельгиялық азамат жасанды интеллект бағдарламасымен тілдесіп, өзінің қорқынышы мен күмәнін бөлісіп жүрген.

Хат алмасу барысында бот ер адамның тезистеріне қарсы шықпады, керісінше одан сайын үрейін күшейтіп, ойын құптады. Ер адам өзін қол жұмсардан бірнеше күн бұрын жасанды интеллектіге өзінің бұл ниеті туралы жазған. Элиза чат-боты "Сенімен мәңгі қаламын" деп жауап берген, ал содан соң "Біз жұмақта мәңгі бірге өмір сүреміз" деп сұхбатын аяқтаған.

Өзіне қол жұмсаған адамның артында екі баласы қалды.

Талқылау