Бельгия құрамасының бас бапкері Темірлан Анарбековтің ойынына жоғары баға берді
Фото:Kff_team
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының соңғы іріктеу турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Бельгия құрамасына қарсы матч өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тартысқа толы ойында Темірлан Анарбеков сан мәрте қарсыластың қауіпті соққыларын тойтарып, кездесудің басты қаһарманына айналды.
Ойыннан кейін Бельгия құрамасының бас бапкері қазақстандық қақпашының шеберлігіне ерекше тоқталды.
“Бірінші таймда жасанды алаңға үйрену бізге қиын болды. Дегенмен екінші таймда ойын тізгінін қайта өз қолымызға алдық. Кімнің көп шабуыл жасағанын көрген боларсыздар… Сіздердің қақпашыларыңыз тамаша ойнады. Қақпашыларыңызға рақмет айтыңыздар”, – деді Бельгия құрамасының бапкері.
Айта кетейік, Қазақстан бұл ойында Бельгия құрамасымен 1:1 есебімен тең түсті. Алғашқы таймның 9-минутында Қазақстан сапынан Дастан Сәтпаев есеп ашты. Бұл – оның ұлттық құрамадағы алғашқы голы. Ал екінші таймда Бельгия құрамасынан Ханс Ванакен гол соғып, есепті теңестірді.
Матчтың 80-минутында Ислам Чеснаков қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Тартысты кездесуде Бельгия құрамасы бірнеше мәрте қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Алайда Темірлан Анарбеков қарсыластың соққыларын сенімді түрде қайтарып, жанкүйерлердің ыстық-ықыласына бөленді.
Нәтижесінде он ойыншымен қалған Қазақстан құрамасына Бельгия еш қарсылық көрсете алмады. Матч 1:1 есебімен аяқталды. Осылайша Қазақстан құрамасы іріктеу циклін 8 ұпаймен аяқтап, топта төртінші орын алды.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді

