Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгісіз біреу Криштиану Роналдудың мүсініне өрт қойған

Белгісіз біреу Криштиану Роналдудың мүсініне өрт қойғанФото:Видеодан скрин

Белгісіз адам атақты португалиялық футбол аңызы Криштиану Роналдудың Мадейра аралындағы музейі маңында орналасқан мүсініне өрт қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ер адам мүсінге жанғыш сұйықтық құйып, әрекетін видеоға түсірген. Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан оның мүсінге от қойғаннан кейін бейәдеп қимылдар жасап, би билегенін көруге болады.

Күдікті видеоны жариялап, астына: "Бұл Құдайдың Криштиану үшін соңғы ескертуі" деген жазба қалдырған.

Мадейра полициясы күдіктінің жеке басы анықталғанын хабарлады.

“Қылмыс жасаған адам бізге белгілі. Ол бұған дейін де осындай оқиғаларға қатысқан”, – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Айта кетейік, аталмыш мүсін 2014 жылы Криштиану Роналдудың өзінің қатысуымен бой көтерген. Мүсіннің биіктігі 2,4 метр, қоладан қапталған.

Ал 2016 жылы бұл мүсінге аргентиналық аңыз футболшы Лионель Мессидің жанкүйерлері оның атын жазып кеткен. Осы оқиғадан кейін мүсін Роналдудың музейі алдына көшірілген еді.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 22 Қаңтар, 2026 00:14