Белгісіз біреу үй-күйсіз қаңғыбасқа 12 мың доллар тастап кеткен
Ұлыбританияда белгісіз біреу үй-күйсіз қаңғыбасқа бағасы шамамен 10 мың фунтты (12 мың доллар) құрайтын 50 пенстен тұратын ақша тастап кеткен.
Бұл туралы Metro хабарлайды.
Оқиға Эксетер қаласында болған. Ерекше монеталарды көрген ер адам оның құнын білу үшін полицияға хабарласқан. Құқық қорғау органдары кейінірек анықтағандай, қаңғыбас 2016 жылдың сәуірінде балалар жазушысы Беатрис Поттердің құрметіне шығарылған бірнеше жүздік монеталар топтамасының иесі атанған.
Жеті бұрышты монеталарда Поттер ертегілерінің кейіпкерлері бейнеленіпті. Шығарылған уақытта бірнеше 50 монетадан тұратын бұл тиындар 55 фунт ғана болған.
Ал кейін сегіз күн ішінде интернет-аукцион арқылы қымбаттап кетіпті.
Оқи отырыңыз:
Күйеуінің көңілдесі барын білген әйел 45 кг салмақ жоғалтқан (фото)
Түркияда маңдайында жүрекше қалы бар сәби дүниеге келді (фото)
Шетелдік ғалым Марстан түкті маймыл-өрмекшіні байқап қалған
Дәрігерлер өлімге қиған әйел қатерлі ісіктен 6 апта ішінде жазылған (фото)