Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі актрисамен көңіл қосты деп айыпталған әнші Еркеш Хасен алғаш рет мәлімдеме жасады

Еркеш Хасен алғаш рет мәлімдеме жасадыФото: instagram.com/erkesh.khasen

Жыл басында әйелінің көзіне шөп салып, қызын тастап кетті деп айыпталған танымал әнші Еркеш Хасен алғаш рет мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі осы уақытқа дейін көпшіліктің “жала” сөзіне шыдап келгенін, алайда қызына қатысты да өсек-аяң тарай бастаған соң, пікір білдіремін деп шешім қабылдағанын жеткізді.

Ол қызын ешқашан тастамағанын және тастамайтынын баса айтты.

“Қанша уақыттан бері елдің өтірік айтқан жалаларын жұтып келдім. Бірақ бұл сасық әңгімеге кінәсіз баламды араластырғандарыңыз үшін жазып тұрмын. Бір айтарым, мен қызымды ешқашан тастаған емеспін, тастамаймын да! Соңғы демім қалғанша қызыма қамқор боламын. Мен камераның алдына барып, отбасыма қатысы жоқ адамға отбасым жайлы айтып отырмаймын. Менің қызымды да, қызыма деген махаббаттан туған әнімде де ешкім тартып ала алмайды”, – деп жазды ол.

Әнші сондай-ақ әңгімесі арқылы ажырасқаны туралы сыбысты растап, бұл мәселеге қатысты мүлде сұхбат бермейтінін жазды.

“Ешкім ажарасамын деп үйленбейді. “Ұлың болса, ұрыға күлме” дейді. Сіздер үйреніп қалған сценарийге сүйенсек, мен бір журналиспен отырып, осыны талқылау керек екенмін. Кешіріңіздер, мен талай жақсы күндерді бірге өткізген адамды елдің алдында әңгіме қылып отырмаймын. Екеуміздің арамызда болған нәрсе әуелі Аллаға, сосын тек екеумізге мәлім. Осымен әңгімені доғарайық!” – деп жазды ол.

Еркеш Хасен

Айта кетейік, бұған дейін әнші Еркеш Хасен некеде бола тұра белгілі актрисамен көңіл қосты деп айыпталғаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 23 Ақпан, 2026 10:56