"Жүйеге бағынбады": Қазақстандық журналистер әріптестерін жөнсіз жұмыстан босатқанына наразы
Фоото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде қазақстандық журналистер “Қазақстан” телеарнасының журналисі Ақерке Бектас 4 жыл президент пулында қызмет етіп, “Қазақстанның” басшысы ауыса сала қызметінен босатылғаны туралы жазып жатыр. Журналистің әріптестері Ақерке Бектастың еш себепсіз қызметінен кеткенін айтып, оған араша түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандағы Orda.kz басылымының негізін қалаған әрі бас редакторы Гүлнар Бажкенова әлеуметтік желідегі парақшасында Ақерке Бектастың қазақшасы көпке үлгі екенін атап өтті.
“Президенттің жұмысын Президенттік пул және үш мемлекеттік телеарна жариялайды. Әр арнадан пул құрамында бір журналист болады. Ол журналист үнемі ел президентінің қызметін бақылап, барлық іссапарларға қатысады және кешкі жаңалықтарға репортаждар дайындайды. Солардың ішінде әріптестерінің пікірінше, ең мықты тілші – “Қазақстан” телеарнасының журналисі Ақерке Бектас болған. Жас журналистің қазақ тілі мінсіз, әдеби нормаларға сай. Бірақ мәселе тек тілде емес. Әдеби тілді жетік білу — құрал болса, талант — сол құралды қолдана білуде. Ақерке мәтінді түсінікті, көркем әрі әсерлі етіп жазуды біледі. Ол сөздің қуатын сезеді. Бүгінде оның репортаждарын көпшілік қазақ тілді телевизиялық журналистиканың ең биік үлгісі деп сипаттайды”, – деп жазды Гүлнар Бажкенова.
Фото: facebook.com/gulnara.bazhkenova
Айтуынша, Ақерекенің мақалалары мен қазақшасын мемлекет басшысының өзі де ұнатқан. Осылайша көзге түскен журналист президенттің баспасөз қызметіне шақырту алған. Жас журналистің президент баспасөз қызметіне шақырту алғанын қазақстандық БАҚ-тағы ең ықпалды тұлға, естіген.
“Оған тіпті тәуелсіз медиалардың бас редакторлары барып сәлем береді екен. Мені де шақырған. Жақсы адамдар барып, бас иіп, тагнысуға кеңес берді. Жас журналистің президенттік баспасөз қызметіне шақырылып жатқанын естіген ол журналиске барып “Сен өзіңе көп алып қойған жоқсың ба? Әй, қыз, сен өзіңді кіммін деп жүрсің?” деген. Кейін “Қазақстан” телеарнасының басшысы ауысты. Сөйтіп бірден Ақерке Бектас президенттік пулдағы қызметінен босатылды. Оған өзінің басқа бөлімген ауысқанын айтады”, – делінген жазбада.
Сондай-ақ журналистің сөзінше, Ақерке Бектасты өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуға мәжбүрлеген. Болған жағдайды президентке “ол шаршаған екен, жоғары қызметке тағайындадық, ауыстыруды өзі сұрады” деп түсіндірген. Шын мәнінде, оны жай ғана ысыра салды. Жоғарыда айтылғандардан жаңа “Қазақстан” телеарнасының басшысына жақын адам екені байқауға болады. Ол “Мынаны президент пулынан алып тастаңдар” деп бұйырған. Сөйтіп, шешім қабылданады. Неге? Өйткені ол қабілетсіз бе? Жалқау ма? Міндетін атқара алмай ма? Жоқ. Өйткені ол талантты, тілді бәрінен жақсы біледі, адал еңбек етеді. Өйткені қарапайым, шынайы”, – деп жпзды Гүлнар Бажкенова.
Журналист Назым Жанғазинова да Ақеркенің таланты мен кәсібилігін лауазымды тұлғаның бірі қауіп көрген дейді.
“Бір журналист бар еді — өз ісінің нағыз кәсіби маманы. Сценарийін де, стендаптарын да, репортаждарын да өзі жасайтын. Сол адамды жобадан жай ғана, байқатпай шығарып жіберді. Ешқандай айқай-шусыз, түсініктемесіз. "Оптимизация", "реформаттау", "басқа қызмет ұсыну" — бәрі де әдеттегі әдемі сылтаулар. Бірақ шын мәнінде, біреулер жоғарыда қорыққан сияқты. Оның талантынан емес, кәсібилігі мен тәуелсіздігінен қорықты. Өйткені ол өсіп, біреудің орнын басуы, тіпті сол адамның өз орнын иеленуі мүмкін бе еді””, – деп жазды Назым Жанғазинова.
Фото: facebook.com/itkulovsyrym
Сырым Итқұлов та президенттік пулдың талантты журналисі Акерке Бектастың төрт жыл эфирдегі жұмысынан кейін “Қазақстан” телеарнасының Аналитикалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары қызметіне тағайындалғанын айтты.
“Айдың басында телеарна мені және басқа да әріптестерімді жаңа маусымның тұсаукесеріне шақырды. Сол жерде журналистер шын жүректен Акеркені құттықтап, қуаныштарын жасырмады. Әрине, бұл — оның кәсіби өсуіндегі заңды әрі қисынды қадам еді. Оның еңбегі көрініп тұр: күн сайын эфирде президенттің негізгі бастамалары мен қадамдары туралы баяндап, көрермен үшін ең танымал тележүздердің біріне айналды”, – делінген Сырым Итқұлвтың Facedook-тегі жазбасында.
Фото: facebook.com/itkulovsyrym
Өз кезегінде Ақерке Бектас әлеуметтік желіде желдей есіп жүрген әңгіменің ешқайсысы шындыққа жанаспайтынын айтты.
“Менің жұмысыма қатысты ақпаратты тек мен ғана айта аламын, басқа адамдардың менің атымнан түрлі жалған сөзде айтфп, жазуы орынсыз. Мен Президент пулында шамамен 4 жыл жұмыс істедім. Біраз шыңдалып, тәжірибе жинадым. Бұл уақыт мен үшін үлкен мектеп болды. Бірақ мен бір орында тұру үшін емес, даму үшін жұмыс істеймін. Әрі қарай жаңа белесті бағындырып, кәсіби тұрғыда өсуді қаладым. Маған 100-ден аса маман жұмыс істейтін Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында директордың орынбасары қызметі ұсынылғанда бірден келістім. Өйткені бұл – артылған сенім мен үлкен жауапкершілік”, – деп біраз әңгімеге тоқтау қойды.
Ол түрлі болжам жасауды доғарып, талқылауды тоқтату керегін айтты.

"Азық-түлік пен несиеден артылмайды": Қазақстандағы аз жалақы қандай проблемаларға әкеп соғады
