Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі миллиардер концерт кезінде көңілдесімен ұсталып қалды

IT компания директоры көңілдесімен ұсталдыФото: Видеодан скрин

Желіде Америкалық миллиардер және Astronomer компаниясының бас директоры Энди Байронның Coldplay концертінде көңілдесімен құшақтасып тұрған сәті түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Page.six басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-та концертте Энди Байрон мен компанияның HR менеджері Кристин Каботтың құшақтасып тұрғаны кездейсоқ видеоға түсіп қалды. Кадрдан олардың камераны көрген кезде жасырынуға тырысқанын көруге болады. Екеуінің бірге тұрған сәті үлкен экранда анық көрінген.

Топтың әншісі Крис Мартин олардың жасырынып тұрған сәтін әзілмен түсіндіруге тырысып: "Олардың арасында әдемі махаббат бар не олар өте ұялшақ" деп айтты.



Видео ғаламторға тез тарап кетті. Энди Байронның әйелі Меган Керриган осы жағдайдан соң Facebook парақшасын өшіріп тастады.

Ал Байрон мен Кабот ресми пікір білдірген жоқ. Екеуі де жасанды интеллект пен деректерді өңдеумен айналысатын, құны 1,2 миллиард долларға бағаланатын Astronomer компаниясында қызмет етеді.

Кабот 2024 жылдың қараша айында HR-директор қызметіне тағайындалған. Бұған дейін Байрон оны "ерекше көшбасшылық қабілеті үшін" мақтаған еді. Кабот кадрлар жөніндегі директор қызметіне 2024 жылдың қарашасында кірісті. 

Айта кетейік, бұған дейін күйеуінің бүйрегін сатуға мәжбүрлеген әйел ақшаны алып көңілдесімен қашып кеткені туралы жазған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 18 Шілде, 2025 10:34
Талқылау