Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі комментатор “Селтиктен” ұтылған “Астана” ойыншыларының жіберген кемшілігін атады

Қазақ футболы қара жамылды дейтіндей есеп емес. Бұл қазіргі клубтық деңгейіміздің көрсеткіші,-деп жазды КТК арнасы.

ойын

УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтигінен» бірінші кездесуде оңбай ұтылған «Астананың» ойыны туралы сарапшылар пікірі осындай.

Енді елордалық клуб қарымта кедесуде кемінде 5 гол соғып, өз қақпасына доп жібермеу керек. Әйтпесе, екінші жыл қатарынан есе жіберейін деп тұр.

Қазақстандық клубтар дәл осы «Селтикпен» үшінші рет кездесіп отыр. Бұған дейін глазголық ұжым біздің клубтардың алдын орап кеткен еді.

Биыл да сол қайталанатын сияқты. Өйткені, 5:0 – Еуропа футболында сирек кездесетін есеп. Сондықтан сарапшылар, «Астананың» Чемпиондар лигасы емес, Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнайтынына нық сенімді.

«Біріншіден, біздің жігіттер  қорғаныста өте нашар ойнады. Оны 100 пайыз айтуға болады. Өйткені, кейбір сәттерде қорғаныстың қателігінен таза анық голдар кірді. Екіншіден, біздің жартылай қорғаушыларымыз ортаны жөнді ұстай алған жоқ.

Енді бізде жауапты матч бар. Жауапты матчта «Астана» командасы келесі кезеңге өтетіндей жағдай жасайды деп айту өтірік болады»,-дейді футбол сарапшысы Ермұхамед Мәулен.

Астаналық команданың «Селтиктен» ұтылып тұрғаны бірінші рет емес. Былтыр ғана іріктеу кезеңінің үшінші айналымында есе жіберген болатын.

Биыл да енді ілгері жылжымайтыны түсінікті болып қалған сыңайлы. Соған қарамастан көмейін қырнап, жанын бере жанкүйерлік танытқан қаракөздер Глазго стадионында біраз болыпты.

«Стадионда 60 мың адамның арасында 40 шақты қазақ болдық. Барымызша айғайладық. Арамызда студенттер,7-8 жасар балалар да болды.

Тіпті, Шотландияда біраз жылдан бері тұрып жатқан 70 жастағы атамыз да келіп, бізбен бірге жанкүйерлік танытты»,-дейді Әділ Жармұхамбетов.

«Астананың» бірінші кездесуде ірі есеппен ұтылуына бапкер тарапынан қателік кеткенін клуб басшылығы мойындайды. Оның үстіне, қорғаушылардың сылбыр қимылы көзге ұрып тұрғаны және бар.

«Біріншіден, жанкүйерлерден кешірім сұрағанымыз дұрыс шығар. Дегенмен, алда әлі Еуропа лигасының 6 ойыны бар. Ол да оңай емес. Осы олқылығымыздың есесін сол кездесулерден қайтарамыз деген ойдамын»,-дейді «Астана» ФК атқарушы директоры Қайсар Бекенов.

«Астана» екі жыл бұрын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққанда 17 миллион 200 мың еуро пайда тапқан еді. Оған тағы ұтыстары мен тең ойындарының ақшасы қосылды. Бірақ, былтыр Еуропа лигасының топтық кезеңіне түсіп қалды.

Биыл да сөйтетін түрі бар. Ол жағдайда тек 2 миллион 600 мың еуромен қанағат тұтпақ. Ал «Селтикпен» қарымта ойын «Астана Аренада» тамыздың 22-сі күні өтеді.

Оқи отырыңыз:

Қытайда әділетсіз жеңілген қазақ боксшысының жанкүйерлері шу шығарды

Араб әмірлігінен келген туристер: Ыстықкөлге түсу – харам

Алматы облысында мүгедек азаматтың үйін танысы қарызы үшін кепілге қойып сатып жіберген

Қызылордада жедел жәрдем дәрігерлері жаралы адамды құтқара алмағаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін

Талқылау