Белгілі киім бренді қытайлық жұмысшыларды қанады деп айыпталды
Фото: Facebook/LoroPiana
Италиялық Loro Piana бренді қытайлық жұмысшыларды қанады деген кезекті өндірістік дауға тап болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі WWD порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Брендтің жеткізу тізбегінде қытайлық жұмыс күшін заңсыз пайдалану "ұйымдастыру үлгілерінің болмауы және ішкі аудит жүйесінің дұрыс құрылмауы" салдарынан келеңсіздік туындаған. Осыған байланысты Милан соты компанияға қатысты соттық басқару рәсімін енгізді. Бұл бір жыл мерзімге сыртқы басқару орнатылатынын білдіреді.
"Рұқсат етілмеген жеткізуші компанияға субмердігерлердің бар екенін хабарламаған", – деп түсіндірді Loro Piana өз жауабында.
Сонымен қатар бренд өкілдері бұл мәселеге қатысты құзырлы органдармен толық ынтымақтастыққа дайын екенін және кез келген тергеуге барынша қолдау көрсетуге ниетті екенін айтты.
Бұдан бөлек, басылым мысал ретінде Loro Piana бренді 100 еуроға бағаланатын кашемир күрткелерін үш мың еуроға сатып жатқанын атап өтті.
Microsoft әлем бойынша 9 мың қызметкерін жұмыстан шығарады
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда бренд атауларын заңсыз пайдаланатын жалған тауарларды жарнамалау мен сату құқық иесінің шағымынсыз-ақ шектелетінін жаздық. Әділет министрлігі зияткерлік меншік туралы заңға өзгерістер дайындап жатыр. Сараптама мерзімдері қысқарып, заң бұзушыларға қатысты шаралар күшейеді. Бұл Instagram сияқты платформаларда кең тараған репликаларға қарсы күресті күшейтуге бағытталған. Еуропа елдерінде мұндай бұзушылық үшін ірі айыппұлдар мен түрме жазасы қарастырылған.

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
