Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шоқайдың қазасын «Түркістанға тәуелсіздік сұраумен» байланыстырады

Желтоқсанның 27-сі – Мұстафа Шоқайдың дүниеден өткен күні. Оның мұрасын зерттеп жүрген ғалым өз сұхбатында саясаткердің Еуропадағы өмірі туралы айтты.

A42338E2-7DFF-4D89-94E2-DDA3FDAF358B_cx0_cy25_cw0_w987_r1_s_r1

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

20-ғасырдың басында совет билігі орнаған тұста эмиграцияға кеткен қазақ саясаткері Мұстафа Шоқайдың қайтыс болғанына бүгін 75 жыл толды.

Мұстафа Шоқай патшалық Ресей тұсында мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарған, кейін Түркістан автономиясының басшысы болған. Ол 1921 жылы Стамбул арқылы Парижге эмиграцияға кетіп, әуелі Францияда, сосын Германияда тұрған. Эмиграцияда жүргенде «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, Совет Одағының саясатын сынаған мақалалар жазған Мұстафа Шоқай 51 жасында – 1941 жылы желтоқсанның 27-сі күні Берлинде қайтыс болған.

Мұстафа Шоқай еңбектерін зерттеп жүрген ғалым, Стамбулдағы Мимар Синан университетінің профессоры, «Мұстафа Шоқай» кітабының авторы Әбдіуақап Қара Азаттыққа берген сұхбатында оның эмиграциядағы еңбектерін айтты.

E6A482F3-40BD-47A6-8708-774769D04D1A_cx0_cy14_cw90_w610_r1_s_r1

Ғалым Әбдіуақап Қара

“Мұстафа Шоқайдың 1921 жылы наурыз айында Тбилисиден кейінгі тоқтаған қаласы Стамбул болатын. Бұл жаққа келісімен ағылшын тіліндегі Times газетіне мақала жазғанын білеміз. Бірақ қолжазба қалды деп айта алмаймын. Мұстафа елден шыққан кезде «шетелге мүлдем кетемін» деп шықпаған. Ол кісі большевиктердің уақытша билікте болатынына, кейін олар құлатылып, орнына ұлттық күштер келетініне сенген. Сол себепті ол Алаш қозғалысы күйрегеннен кейін бірден шетелге кетіп қалмады. Әуелі Бакуге тоқтады. Онда бір жылға тақау уақыт болып, большевиктерге қарсы күштермен бірге жұмыс жүргізеді. Баку қызылдардың қолына өткеннен кейін Грузия астанасы Тбилисиді паналады. Ол жақта газет шығарып, саяси істермен шұғылданды. Бірақ коммунистер ол жерде де тұрақтатпады. Ақыры Стамбул арқылы Парижден бірақ шықты”, – дейді ғалым.

Ғалымның айтуынша, егер жағдай бейбіт болса Шоқай Стамбұлда аялдап қалуы да мүмкін екен. Ол тұста Түркияның жағдайы ауыр болды. Оның үстіне болшевик төңкерісінен кейін қашқан 100 мыңдаған ақ Стамбулды паналаған болатын. Осындай бір кезге тап болған Мұстафа үй іздеді. Бірақ қымбат болды. Сонымен қатар ол кезде Стамбул жау қолында еді. Осы секілді бірнеше себеп Мұстафаның Стамбулда ұзақ аялдауына мүмкіндік бермеген. Ғалым сондай-ақ, Мұстафа Шоқайдың одан кейінгі өмірі туралы да баяндайды.

“Басты бір мәселе әлі де көпшілікке жетпей жатыр. Ол – Мұстафа Шоқайдың концлагерьде ешқашан нацистермен істеспегені. Мұны қайталап айтамыз, өйткені бұған әлі де сенетіндер бар. Керек десеңіз, Мұстафа Шоқай оларға қарсы болып: «Мен нацистермен істеспеймін» деп ашып айтқан. Өйткені нацистердің легион құру жобасы болған. Бұл туралы Мұстафа Шоқайға ұсыныс жасалған. Мұстафа Шоқай оларға бір ғана сұрақ қойған: «Сіздер Совет Одағын құлатқаннан кейін Түркістанға тәуелсіздік бересіздер ме?» деп. Бірақ бұл сұраққа нацистер жауап бермеген. Себебі олардың Орта Азия елдеріне тәуелсіздік беру туралы ешқандай ойы болмаған. Керісінше большевиктерден ары қанау жоспары болған. Мұны жақсы білетін Шоқай әдейі сұраған. Сұрағына жауап ала алмаған соң бірге жұмыс істеуден бас тартқан. Мұстафа Шоқайдың ажалы да осы ұсыныстан кейін болған”, – дейді Әбдіуақап Қара.

Талқылау