Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Белгілі бір тұлғалардың мүддесі үшін миллиардтаған теңге жұмсалған": Антикор ғылым саласындағы жемқорлық туралы айтты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғылымды қаржыландыру саласына талдау жүргізіп, жемқорлық тәуекелдерін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жүргізілген талдау нәтижесінде, ғылыми жобаларды іріктеу кезінде көзбояушылықтарға жол берілгені анықталды. Сондай-ақ нәтижелер үшін жауапкершіліктің болмауы зерттеу қорытындыларының төмен сұранысына, сондай-ақ ғылыми тағылымдамалар үшін гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия құрамына қойылатын талаптардың төмендеуіне байланысты елеулі тәуекелдерді көрсетті ("500 ғалым" жобасы бойынша). Мұның бәрі бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкелді.

“Жобаларды іріктеу бойынша конкурстық құжаттама нақты тұлғалар үшін қалыптастырылды. Жобаларды ғылыми сараптау рәсімі ашық емес, бағалауды "қол режимінде" іріктелетін үлестес сарапшылар жүзеге асырды. Тізімде тұрған 13,5 мың сарапшының 10 мыңға жуығы (75%) сараптама жүргізбеген. Манипуляция арқылы бағалау нәтижелері "қажетті" жобаларға бейімделді. 11,5 миллиард теңгеге 30 зерттеу анықталды. Олар бойынша сараптама белгілі бір тұлғалардың мүддесі үшін жүргізілді”, – делінген хабарламада. 

Агенттік мәліметінше, бюджет қаражаты ғылыми жобаларды коммерцияландыру түрімен шығарылды.

“2016 жылдан бастап мемлекет осы мақсаттарға шамамен 32 миллиард теңге жұмсады. Оның ішінде жобалардың 90%-ы (145-тен 130-ы) мәлімделген мақсаттарға қол жеткізе алмады. Нәтижесінде мұның өнімсіз бастамалар екені анықталды. Сонымен қатар зерттеулердің 70%-ы мақалалар мен кітаптар жазумен аяқталған. Көптеген әзірлемелер практикалық тұрғыдан маңызды болмай шыққан”, – делінген хабарламада. 

Агентік мәліметінше, Ақпараттық және есептеу технологиялары институты биогаз және био тыңайтқыштар өндіретін жабдықтарды әзірлеуге 290 миллион теңге жұмсаған.

“Бұл ретте нарықта дайын аналогтар ондаған есе арзан (19 миллион теңгеден қымбат емес, өздері сатып алады). Сонымен қатар, ғылыми әзірлемелер түрінде жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту қаржыландырылды.
Мәселен, 2019 жылы еліміздегі ірі құс фабрикаларының бірі қазақ деликатестерінің технологиялары мен рецептураларын әзірлеуге 300 миллион теңгеге жуық қаражат алды. Алайда, іс жүзінде барлық қаражат (92%) жабдықтар мен материалдарды сатып алуға жұмсалды. Талдау нәтижелері бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігіне 100-ден астам ұсыныс енгізілді. Уәкілетті орган оларды іске асыруға кірісті”, – делінген хабарламада. 

Мысалы, Агенттіктің ұсынысы бойынша Сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру ережелерінде оның мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді. Енді тұлғаның жалпы еңбек өтілі 10 жыл, ал мамандығы бойынша өтілі кемінде 5 жыл болуы қажет. Бұл бұрын 3 жыл болған.

Талқылау