Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі банкир Жомарт Ертаев не себепті ұсталды: ІІМ мәлімдеме жасады

Қазақстандық банкир Жомарт Ертаевтың Мәскеуде ұсталғанына байланысты ІІМ мәлімдеме жариялады.

Ертаев
© FOTO : ТОО “АЛМА ТВ”

Банкир 8 мамыр күні Мәскеуде ұсталды.

Ведомства мәліметінше, Ертаев ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша халықаралық іздеуде болған.

«Bank RBK АҚ директорлар кеңесінің кеңесшісі болған Ертаев ЖШС атынан қайтармау мақсатында 80 млн долларға несие алған», – делінген хабарламада.

Қазір күдіктіні Қазақстанға әкелу мәселесі қаралуда.

Ертаев жетекшілік қызметке 1990 жылдары келген. 2009 жылы бухгалтерлік, қаржылық заңнаманы бұзғаны үшін ұсталды. 9 айдан соң айыппұл төлеп босап шыққан болатын.

Босап келген соң “Алма-ТВ” ЖШС кабелді телеарнаны басқарды. 2016 жылы “Алма Групп” басшысы әрі компания президенті болды.

2017 жылдың мамыр айынна бастап “Тройка-Д Банк” пен “Волго-Окский коммерческий банк”АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.

Оқи отырыңыз:

Бәрі де әділетсіз: Асанәлі Әшімовтың жары күйеуіне жантебірентер жазба қалдырды

Ғаламторда қан мен тердің арқасында келген соғыс ардагерлерінің төсбелгілерін тиын-тебенге сатуда

Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуінің нақты уақыты аталды

Талқылау