"Бекер жасатқансыз": Say Mo көзіне ота жасатты
Әнші Say Mo блефаропластика жасады. Ол жанкүйерлеріне операцияның нәтижесін бірден көрсетті.

Instagram желісіндегі парақшасында әнші ота жасауға дайындалып жатқанын айтты.
"Жігіттер, ертең мен операция жасаймын. Сәттілік тілеңіздер. Қалай ойлайсыздар, операция қандай болады?", – деп жазды ол.
Бүгін әншінің блефаропластика жасағаны белгілі болды. Ол жазылушыларға ота нәтижесін бірден көрсетті. Оқырмандардың кейбіреуі отаға қатысты түсінбеушілік білдірді.
"Бекер, жасағансын, сенің көздерің керемет еді, әдемі еді", - деді жанкүйерлердің бірі.
Жауап ретінде Say Mo оның пікірін сұрамағаны үшін мысқылмен кешірім сұрады.
Еске салайық, бір жылдан сәл астам уақыт бұрын Say Mo кеудесіне ота жасатып, оған 2,8 миллион теңге жұмсаған болатын. Бұл жолы еріндерін үлкейтуге шешім қабылдады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған