Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекболат Тілеухан бас прокурордың шешендігіне қайран қалды

Бүгін Қазақстан республикасының Бас прокуроры Жақып Асанов мәжілісте құқық қорғау органдары саласы қызметкерлерінің санасына сіңіп қалған жағымсыз әдеттер туралы айтқан болатын. Асановтың баяндамасына сүйсінген мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан оның шешендігіне тәнті болғанын жазды.

“Шешендік құр әдемі сөйлеу деп білу түбегейлі қате! Олай болса, асабадан шешен ешкім жоқ. Шешендік – ойыңды анық, ұғынықты, әсерлі жеткізу. Мысалыңның діттегеніңе қызмет етуі. Айтарыңды айқын, егжей-тегжейлі білуің.

Ендеше, ҚР Бас Прокуроры нағыз шешен. Меніңше, ең шешен қызметкер! Әмбе екі тілге бірдей. (Көбімізге арман өте қызығарлық қабілет).

Оған ведомостволық мүддеден мемлекет мүддесін жоғары қоя білетін азаматтығын қоссаң жүдә жадырамақпыз.

Осы жерде әбден жауыр болғанда да тапталып, сүйкімі азайған мына сөзді қолдануға мәжбүрмін. “ОСЫНДАЙ АЗАМАТТАР КӨП БОЛСА ЕКЕН!” Ешкімге көлеңкесі түсе қоймайтын өз бағам, өз ойым”, – деп жазды Бекболат Тілеухан.

Тағы да оқыңыз:

Синоптиктер биыл қыстың ерте түсетінін айтты

Жамбыл облысында алып қашып кеткен қалыңдық үшін атыс болды

Елімізде пара алып, тергеуді бұрмалаған жиырмадан астам прокурор істі болып жатыр

Талқылау