Bek Air ұйымының қызметкерлері президенттен көмек сұрады
Bek Air әуе тасымалдаушы ұйымының қызметкерлері қарызға белшемізден баттық деп наразылық білдірді. Сөздерінше, олар бір айдан астам уақыт жалақы алмағандықтан далада қалулары мүмкін екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Ұшақ апатынан аман қалған бортсерік Мұрат Саховтың әйелінің айтуынша, олардың отбасы айына 100 мың теңгелік ипотекалық несиеге төлейді екен. Қазір азаматшаның жанұя шығыстарын өтеуге алатын еңбекақысы жетпейтін көрінеді, Ал соңғы айда олар банкке несие ақысын жібере алмапты.
"Мен үш баламмен бірге далада қаламын ба деп қорқып отырмын. Бұған қоса іс ұзаққа созылып кетеді деген тағы бір үрейім бар. Сол үшін президентке үндеу арнағым келіп отыр. Айтылған істі өз қадағалауыңыз алып, шешімнің шығарылуын тездетіңіздерші. Тағы қанша уақыт созуға болады? Ұйым басшылығы тарапынан да ешкім ешнәрсе айтылмайды. Күтіп отырмыз, басқа амалымыз қалмады", - дейді бортсеріктің әйелі Шахноз Сахова.
Бұған қоса Bek Air-дан әуе билеттерін сатып алған азаматтардың да ақшаларын қайтара алмай отырғандығын атап өткен жөн. Сонымен қатар моральдық және денсаулық шығындарының өтемін күтіп отырған жолаушылар тағы бар. Заңгерлер ұшақ апатынан аман қалған жолаушылар өмір бойына психикалық зардап шеккенін айтып отыр, ал кейбіреулерінің денсаулықтарына зиян келгендіктен мүгедек болып қалулары да мүмкін екен.