Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bek Air ұшағының апаты: Антикор азаматтық авиация комитеті қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғады

Бас прокурор Берік Асылов әуеайлақ маңындағы аумақтарда салынған және Қазақстандағы ұшу-қону жолағына жақын орналасқан барлық объектілер бойынша шаралар қабылдау туралы депутаттық сауалға жауап берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әуежай

2021 жылдың қазан айында азаматтық авиация комитеті мамандары Алматы әуежайының ұшу жолағын зерттеп, әуеайлақтарды пайдалану жарамдылығы нормаларынан ауытқу бар екенін анықтады.

Тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар жойылған жағдайда әуеайлақтың жарамдылық сертификатын (2023 жылғы 20 сәуірге дейін) беру туралы шешім қабылданды.

"Қазір аталған бұзушылықтар әуеайлақ аумағына жақын 23 тұрғын үй құрылысының орналасуына байланысты жойылған жоқ. Елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл департаменті ҚР ҚК 370-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы "Қызмет бойынша әрекетсіздік" бойынша ААК қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Өйткені олар заңсыз сертификат берген. Соның кесірінен 2018 жылы Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырады. Тергеу қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне қорытынды баға беріледі", – деді Берік Асылов.

Әуежайлардың айналасындағы құрылыс ережелері елдің басқа қалаларында да бұзылған. Барлық тыйымдарға қарамастан, әуежайлардың аэродром маңындағы аумақтарда 350 нысан салынды. Сонымен қатар, әуежайларға жақын жерде қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары мен рұқсат етілмеген полигондардың орналасқан.

"Алматы қаласының әуежай аймағында осындай оннан астам нысан жұмыс істейді. Өз кезегінде азаматтық авиация комитетінің  мақұлдауынсыз Шымкент қаласы әуежайының төрт шақырымдық аймағында 1 303 нысан салынды", – деп қорытындылады Бас прокурор.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 13 Ақпан, 2023 10:35
Талқылау