Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатына қатысты іс сотқа жолданды

BekAir апаты

Фото: emer.gov.kz

12 адамның өмірін қиған Bek Air әуе компаниясының ұшақ апатынан кейін арада бес жыл уақыт өткенде, Қазақстан билігі тергеуді қайта жалғастырды. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үщақ аатына қатысты қылмыстық іс ресми түрде сотқа жолданғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Bek Airәуе компаниясының 2019 жылы 27 желтоқсанында болды. Алматыдан Астанаға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы көкке көтерілгеннен кейін бірден биіктігін жоғалтып, қоршауды бұзып өтіп, салынып бітпеген екі қабатты үйге құлады. Ол кезде бортта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам көз жұмып, ондаған адам түрлі жарақат алды. Қылмыстық іс сотқа жіберілгеніне қарамастан, Көлік министрлігі қызметтік тергеуді қайта бастады.

“Өкінішке қарай, авиация саласында мұндай оқиғалар жиі кездеседі және нақты қорытындыға келу өте қиын. Авиациялық апаттарды тергеу көбінесе ұзаққа созылады. Қазір барлық құжаттарды дайындау жұмыстары жүріп жатыр”, – деп мәлімдеді Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.

Еске салайық, ұшақ апатынан 12 адам қайтыс болып, 69 адам жарақат алды. 2020 жылы Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық істі тергеумен қатар Талғар ауданы әкімдігінің шенеуніктеріне қатысты жер учаскелерін заңсыз беруге және жер учаскелерінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертуге байланысты екінші қылмыстық іс ашты.

Айым Болатқызы
Жұма, 01 Тамыз, 2025 08:18
Талқылау
`