Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
19 қаңтарда Омбы – Майқапшағай тасжолының 924/150 шақырымында Kia Rio және Mitsubishi Outlander маркалы екі көлік бетпе-бет соқтығысты. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Stan.kz ақпарат агенттігі

Оқиға орнында соқтығысқаннан кейін Kіa жүргізушісі мен екі жолаушысы, сонымен қатар Mitsubishi жолаушысы қаза тапты. Outlander көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген