Beeline Абай облысында өрт сөндіруге қатысушылардың барлығын тегін байланыс пен интернетпен қамтамасыз етті
Beeline Абай облысындағы ТЖ аймағындағы өз клиенттерін және өрт сөндіруге қатысушылардың барлығын тегін байланыс пен интернетпен қамтамасыз етті.
Мобильді оператор орман өртімен байланысты төтенше жағдай режимі жарияланған Абай облысының эвакуацияланған елді мекен тұрғындарын тегін қызметтермен қамтамасыз етті. ТЖ аймағында өрт сөндіруге қатысатын ТЖМ қызметкерлеріне, мерзімді әскери қызметшілер мен еріктілерге тегін мобильді интернет пен байланыс ұсынылды.
Төтенше жағдайға байланысты, Beeline барлық клиенттеріне – Каштак, Тепкаши елді мекендерінің тұрғындарына, Половинка, Бұлақ және Озерское ауылдарының тұрғындарына, сондай-ақ ТЖМ қызметкерлеріне теңгерімге ҚР бойынша барлық нөмірлеріне 50 минут пен 50 SMS және 7 күнге 10 ГБ интернет-трафигін аударды. Абоненттер бұл туралы SMS арқылы хабарланды. Аударымды "Менің Beeline-ым" қосымшасында немесе *106# пәрменімен тексеруге болады.
9 маусым күні Абай облысында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланғанын естеріңізге саламыз. Өрт аумағы 60 мың га құрайды. Жақын аудандардың тұрғындары эвакуацияланды. "Семей орманы" қорығында болған ірі орман өртін жою жұмыстары барысында Новошульбі филиалының 14 қызметкері қаза тапты. 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.