Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беделхан “Ninety one” тобына қалыптасқан кері көзқарасқа БАҚ өкілдерін кінәлап отыр

Продюсер Ерболат Беделхан “Ninety one” тобына деген кереғар пікірлердің қалыптасуына журналистерді кінәлап отыр.

Screenshot_8

«Адамдардың кішкене бізге, менің балаларыма дұрыс пікір қалыптастыра алмауына себепкер болып отырған БАҚ өкілдерінің өздері, өкінішке орай», – деді продюсер Гәкку арнасына берген сұхбатында.

Естеріңізде болса, жуырда 91 тобының Ақтөбе қаласында өтуге тиіс болған концерті өтпей қалды. Оған себеп – бірқатар өнерпаздардың аталмыш топқа қарсы шығып, бас көтеруі. Соған қарамастан, атышулы топ гастролдік сапарға шығып, концерттік бағдарламамен ел аралауды бастап кетті. Мәселен, кеше алғашқы концерт Өскемен қаласында өтсе, бүгін семейлік жанкүйерлер “Ninety one” тобын өз көздерімен көре алады. Ал Ерболат Беделхан ешеңеге қарамастан, өзіне және қарамағындағы балаларға қысастық жасаған жандарға кешіріммен қарайтынын айтты.

«Мен бірнеше рет қайталадым, осы жолы да қайталаймын. Мен бәрін де кешірдім. Басқа амал жоқ. Себебі олар да қазақ, мен де қазақпын», – дейді продюсер.

Қазақстанның барлық қалаларын аралауды жоспарлаған топ продюсері ұйымдастырушылардан бірінші кезекте қауіпсіздікті талап етіп отыр.

«Біздің сұранысымыз тек қана қауіпсіздік мәселесі. Тек қана әртістердің емес, келуші балалардың да қауіпсіздігі болса дейміз», – деп атап өтті Беделхан.

Жіберіп алмаңыз: 

Айдана Меденованың жаңа бейнебаяны қатал сынға ұшырады (видео)

Серік Ибрагимовтің келіншегінің бетін Төреғали Төреәлі ашты (фото, видео)

Сәкен Майғазиев: Жанболатқа арқа сүйеп талай жігітке доқ көрсеттік

Қарақат «Бал-бала» ойыншықтарын қымбатсынатын ата-аналарға қайран қалды

Талқылау