Bazis-тің бұрынғы топ-менеджері аса ірі мөлшерде пара бергені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: bazis.kz
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаевқа, Әділет Ахатаевқа және мердігер Андрей Поплавскийге қатысты іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу нұсқасы бойынша, "Қазселденқорғаудың" сол кездегі басшысы Көкірекбаев пен оның орынбарасы Ахатаев лауазымды тұлғалар бола отырып, Bazis Construction Infr бас директоры Поплавскиймен мен сөз байласып, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою үшін одан аса ірі мөлшерде пара алған.
Сондай-ақ Поплавский орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарының актілеріне қол қоюды ұйымдастырған.
"Осы әрекеттердің салдарынан мемлекеттік мекемеге 1 987 827 622,63 теңге көлемінде залал келтірілген", – делінген сот хабарламасында.
Алқабилердің үкімімен Кәрім Көкірекбаев пен Әділет Ахатаев Қылмыстық кодекстің аса ірі мөлшерде пара алу, ал Андрей Поплавский аса ірі мөлшерде пара беру, сондай-ақ ұрлау мақсатынсыз мүліктік залал келтіру бабы бойынша кінәлі деп танылды.
"Сот үкімімен Көкірекбаевқа 12 жылға, Ахатаев пен Поплавскийге 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды", – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
