Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байтасов: Мұғалімдердің жалақысы 10-20 мың АҚШ доллары көлемінде болуы керек

Белгілі кәсіпкер, Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі Арманжан Байтасов  мұғалімдердің жалақысын көтеру керектігін айтты,-деп жазды  Stan.kz.

байтас

«Түнгі студия» бағдарламасына келген кәсіпкерге жүргізушілер Қазақстандағы футболшылардың айлығына байланысты сұрақ қойды.  Нұрлан Қоянбаев Байтасовқа футболшылардың айлығы қанша болғаны дұрыс? деген сұрақ қойды.

«Меніңше 10 мың АҚШ доллары шамасында болуы керек. Мен футболшыларға осындай айлық тағайындай отырып, олардың қалай және қанша уақытын  алаңда  өткізетінін қадағалайтын едім. Себебі, олардың жұмысы сол айлыққа сай нәтиже беруі керек»,-деп жауап берді Арманжан Байтасов.

Шоу бағдарлама жүргізушілері қалталы азаматқа әзіл-шынын араластырып, мұғалімдерге қандай жалақы тағайындау керектігін сұрап алды.

«Қазақстандағы өмір сүру деңгейіне сай, мұғалімдерге ең кемі 10-20 мың  АҚШ доллары көлемінде айлық тағайындаған дұрыс деп ойлаймын. Себебі, ұстаздар біздің болашағымызды тәрбиелейді. Білімді, салиқалы, талғамы жоғары  ұрпақ-еліміздің болашағы»,-деп жауап берді Байтасов.

Желі қолданушыларына кәсіпкердің  бұл ойы ұнағанымен «қазақ тілін білмейді» деп сынап тастағандар болды.

Оқи отырыңыз:

Өлім аузынан қалған Баян Есентаева енді өмірін сақтандырмақ

Айқын: Балама тәрбие беріп жатырмын дей алмаймын

Қайрат Нұртастың келіншегі өзі, отбасы жайлы бар шындықты айтып берді (фото)

Бүйректің қызметін бұзып зиянын тигізетін 8 дәрі

Шымкент емханасында бейтаныс ер адамның туыстары іздестіріліп жатыр

Сарып (бруцеллез) ауруы дер кезінде емделмесе, мүгедек ететін дерт

Талқылау