"Байтақ" партиясы мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін ұсынды
"Байтақ" партиясы кезектен тыс съезінде парламент мәжілісі депутаттығына үміткерлер тізімін бекітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Үміткерлер тізіміне 20 адам кірген, оның төртеуі – әйелдер квотасымен, біреуі – жастар және біреуі – мүгедектер квотасымен өтті.
"Байтақ" партиясы бекіткен кандидаттар тізімі төмендегідей:
1. Арман Қашқынбеков;
2. Айнұр Сәбитова;
3.Қайрат Айтбай;
4.Самат Жанат;
5.Владимир Мартель;
6.Сейдулла Исмаилов;
7.Айжан Сқақова;
8.Бекжан Нәлібай;
9.Нұртуған Тұржанов;
10.Күлән Байзақова;
11.Болат Нұрқожаев;
12.Айтуар Туғанбеков;
13.Ержан Елекеев;
14.Лариса Жақсылықова;
15.Мұрат Жакиев;
16.Роман Ботабеков;
17.Нұрлан Көптілеуов;
18.Сапар Әбдірахметов.
- Әділет министрлігі "Қазақстан халық конгресі" партиясының бастапқы тіркеуден өткенін растады
- Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі тиіс - ОСК
Мажоритарлық жүйе бойынша сайлауға тағы төрт адам қатысады, олар: партия төрағасы Азаматхан Әміртаев, сондай-ақ Бақыт Исаев, Қазбек Майгилдинов, Серікболат Мәженов.
Еске салайық, 19 наурызда Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Оған жеті саяси партия қатысады.