Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байланыс құны шарықтап кеткен: Бәсекелестікті қорғау агенттігі ұялы байланыс операторларымен соттасып жатыр

Фото: freepik.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов ұялы байланыс операторлары тексеріліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Агенттік өкілі кейінгі жылдары ұялы байланыс бағасы шарықтап кеткенін жоққа шығармады.

"Кейінгі бірнеше жылда ұялы байланыс бағасы тым өсіп кеткені байқалып отыр. Біз алдын ала құқықбұзушылық белгілерін анықтадық. Өткен жылы барлық қызмет, барлық ұялы байланыс операторы бойынша тексеру басталды. Оның ішінде Beeline, Kcell және Tele2 де бар.

Үш компанияның өзара сөз байласу белгілерін анықтадық, тергеу басталды. Қазір тергеу уақытша тоқтап тұр. Өйткені олар шағым түсіріп, іс сотта қаралып жатыр. Қазір сотпен жүрміз", – деді ол.

Кейін ол Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тексеру туралы бұйрықтары Жоғары сотта қаралып жатқанын мәлімдеді.

"Бұл – соңғы инстанция. Жоғарғы сотта қаралғаннан кейін біз (сотта жеңіп шықса – ред.) тексеруді жалғастырамыз", – деді ол.

 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025 13:48
Талқылау